Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Жұмыс тобының отырысы болып өтті

Ағымдағы жылдың 3 қарашасы күні   облыстық  мәслихаттың    әлеуметтік – мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының  2021 жылғы  25 қазандағы хаттамасына сәйкес құрылған жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Жұмысшы тобының құрамына   облыстағы ауған ардагерлері мен Чернобыль мүгедектері  енген болатын. Сондай-ақ отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қонысбаева, Облыстық және қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасы мен бөлім басшылары, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е.Калиев қатысты.

Аталмыш комиссияның және  жұмысшы тобының төрайымы  А.Салиева отырысты жүргізе отырып, күн тәртібінде  Ауған  ардагерлерінің одағы және Чернобыль мүгедектері мен ардагерлерінің өтініштері бойынша 2 АЕК (МРП) көлемінде  әлеуметтік көмек   туралы мәселені талқылауды ұсынды.   Облыстық   жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А.Есенғалиеваның айтуынша, 2 АЕК  әлеуметтік  көмегі ай сайынғы берілетін жәрдем ақының ішіне кіретінін айта келе,  қазіргі таңда Ауған – Тәджік  ардагерлерінің  және Чернобыль мүгедектерімен соларға теңестірілгендер үшін жылына  екі рет 9 мамыр Жеңіс күні мен  16 желтоқсан  Тәуелсіздік күніне біржолғы жәрдемақы қарастырылып жатқандығын, бұл мәселе қолданыстағы Заңдарға сәйкес, тиісті процедуралардан өткеннен кейін шешілетіндігін  жеткізді.

Күн тәртібінде отырысқа қатысқандар сондай-ақ, қаладағы емханаларында  дәрігерлердің жетіспейтіндігі,   ардагерлер үшін жер учаскелерін беру  туралы  мәселелерді көтерді.

рисунок