Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Жұмыс сапарымен Сырым және Қаратөбе аудандарына барды

Ағымдағы жылдың 7 шілде күні  Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен Сырым және Қаратөбе аудандарына барды.

Сенаторлар Сырым ауданындағы Шолақаңқаты ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» шаруа қожалығының мал азығын дайындау жұмыстарымен танысып, өзге де шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында шаруа қожалықтары мал азығын жинайтын техникалар мен қажетті құрал-саймандардың бағасының қымбаттап кеткендігін тілге тиек етті.

Сенаторлар сондай-ақ,   «Жымпиты-Ақсай»  бағытындағы жол құрылысының жұмыстарымен, Жымпитыда орналасқан «Жібек жолы» автокешенінің супермаркет сауда орнының тынысымен танысты.

Қаратөбе ауданында жалғасқан   іс сапар барысында  Парламент депутаттары,  Қаратөбе мектеп-гимназиясының, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Қаратөбе спорт клубы  ғимаратында өтіп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарын аралап көріп,    жеке инвестиция арқылы салынған Алаш-Орда және Қ.Хасанов атындағы мемориалдық музейінің жұмысымен танысты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок