Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Жұмыс сапарымен Бөрлі және Шыңғырлау аудандарына барды

Ағымдағы жылдың 8 шілде күні   Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен Бөрлі және Шыңғырлау аудандарына  барды.

Жұмыс сапарын Пугачев аулында орналасқан «Аманат» шаруа қожалығынан бастаған сенаторлар қожалықтың басшысымен кездесіп,   жай-күйімен  қанықты.  Одан әрі тұшпара дайындайтын «БатысДосТау» ЖШС-де болып, жұмысшылармен пікір алмасты.

Сенаторлар одан әрі қарай, Ақсай қаласындағы халықаралық стандартқа сай салынған  Бөрлі аудандық ауруханасының жедел көмек көрсету орталығына барып, компьютерлік томография және оттегіні ылғалдандырғышы бар өкпені жасанды желдету аппараттары туралы мәліметке қанықты.

Парламент депутаттары сондай-ақ, Ақсай-Қарашығанақ-1 ықшамауданындағы 9 қабатты тұрғын үй құрылысының барысымен, Ақсай қаласы №6 мектеп-лицейінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып,   мектептегі жаңа сыныптарды көріп шықты.  Осы тұста қаланың 10-ықшам ауданына тағы бір мектептің қажеттілігі мен тұрғын үй салуға қаражат бөлу туралы мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар сапар барысында, олар Қызылтал шағынауданының  Строительный 1, 3 көшелерін электр жүйесімен жабдықтау және автомобиль, жаяу жүргінші жолдарының құрылысымен танысты,  осы орайда Қызыл тал  шағынауданының ішкі ауыл жолдарын жөндеуге қаражат бөлу  мәселелері көтерілді. Сенаторлар одан әрі аудан әкімшілігінің кіші залында аудан активімен кездесіп, ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Парламент депутаттарының   іс сапары   Шыңғырлау ауданында жалғасып, ондағы күрделі жөндеуден өткен «Дән» мәдениет үйінде,    Шыңғырлау орта мектебінде болып, олардың қазіргі таңдағы тыныс тіршілігінен құлақдар   болып,    ауданда салынып жатқан 3 қабатты 45 пәтерлі үй құрылысының жұмысымен және аудан орталығында салынып жатқан дене шынықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып өтті.

Сапар соңында сенаторлар  аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында ақсақалдар Шыңғырлау-Сегізсай жолы туралы мәселені көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок