Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Жол сапасы бақылауда

Қазіргі таңда  өңіріміздегі  автокөлік жолдарының  сапасы   бақылауға алынуда. Облыс көлемінде  соңғы жылдары  салынған автокөлік жолдары  сапа жағынан сын көтермейтіні  туралы көп айтылып келеді.

2021 жылы  облыс  көлеміндегі   салынған немесе салынғалы жатқан автокөлік жолдарының сапасын  бақылау үшін  мобильдік  топ құрылып, өз жұмыстарын бастап та кетті. Комиссия құрамында облыстық мәслихат депутаттары  Т.Тілемисов, С. Ескендіров бар.

Өткен аптаның ішінде комиссия мүшелері,  «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» БҚОФ (Сапа орталығы),  Казталов аудандық Тұрғын үй коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары» ММ бөлімі (тапсырыс беруші),  «Сана Маркет» ЖШС (техникалық бақылаушы) және «Айдана» ЖШС-мен  (Бас мердігер) бірге, Жалпақтал ауылының әкімі мен қоғам белсенділерінің қатысуымен, Казталов ауданының  Жалпақтал аулындағы   ауылішілік жолдардың сапасын тексерді.

Комиссия мүшелері жолдардың сапасын тексере келе, салынған жолдардың   жағдайына  арнайы акт жасап,   сүретке түсірді.

Жалпы,  бұдан әрі қарай да комиссия  жол сапасын қадағалау бойынша өз жұмыстарын  жалғастыра беретін болады.

Жыл санап, облыс көлемінде  жолдағы құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайып келеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр аймақта  300  шақырымдай жол жөнделсе, биыл оның ауқымы 500 шақырымға дейін ұлғайып отыр.

Елбасының тапсырмасын орындау барысында, қазіргі таңда республикалық   маңызы бар, ұзындығы 245 км  «Казталовка-Жәнібек- Ресей Федерация шекарасы» мен  «Өнеге-Бисен-Сайхын»  жолдарына  күрделі жөндеу  жұмыстары  жалғасуда.

Сонымен қатар,   2021 жылы    жергілікті  желілерді  дамыту үшін  жалпы ұзындығы  197 км болатын автомобиль жолдарын  жөндеу  жоспарлануда.

рисунок

рисунок

рисунок

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.