Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесіп, тәжірибелік оқу сағатын өткізді

Бүгін  ҚР Президентінің жанындағы  мемлекеттік басқару Академиясы БҚО филиалында,  облыстық мәслихаттың хатшысы  Б.Қонысбаева  жаңадан сайланған  ауыл әкімдерімен кездесіп,   тәжірибелік  оқу  сағатын  өткізді.

Б. Қонысбаева  оқу барысында,  ауылдық округтердегі  жергілікті өзін –өзі басқару  органдарын  жетілдіру,  4-ші деңгейдегі бюджет  мәселесінің шешілуі туралы  ақпарат беріп  өтіп, жергілікті  өзін-өзі басқарудың  кіріс базасын одан әрі кеңейту үшін  2022 жылғы бюджеттің  төртінші  деңгейіне салықтар мен  төлемдердің  түрлеріне тоқталды. Олар  біріңғай  жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер, жер учаскелерін  жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы  беру.

Қатысушылар тарапынан  қойылған бюджетті қалыптастырудағы кіріс және шығыс бөліктерінің  процестері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті қоғамдастықтармен  өзара іс-қимылы, коммуналдық  меншік,  мемлекеттік сатып алу туралы сұрақтарға тұшымды  жауаптар алынды.