Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында кездесу өткізді

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаева және мәслихат депутаты Ш.Утебалиева  Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында оқушылармен «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында әсерлі кездесу өткізді. Кездесуде Б.Қонысбаева оқушыларға тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктері, еліміздің экономикасының дамуы, халықтың әл-ауқаты, қиын кезеңдердегі тұрмыс-тіршілігі, сонымен қатар жергілікті өкілді орган болып табылатын әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына қосқан  үлестері мен қазіргі таңдағы атқарып жатырған қызметтері туралы әңгімелеп, оқушылардың толғандырған сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ кездесу барысында, облыстық мәслихаттың депутаты Ш.Утебалиева оқушыларға адами құндылықтарды насихаттап, адамгершік, сыйластық, имандылық, әділдік, патриоттық сынды рухани қасиеттерді бойларына азық етуге талпындырды. Оқушылар депутаттарға әр сала бойынша сұрақтарын қойып пікір алмасты.

Тәрбиелік мәні бар осындай кездесулер депутаттармен алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

рисунок

рисунок