Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Кеше облыс орталығында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар форумы болып өтті

Форумға  облыс  әкімі Ғ.Есқалиев, облыс әкімінің  орынбасарлары,  облыстық мәслихат хатшысы  Б.Қонысбаева, қала әкімі А.Шыныбеков, қоғам белсенділері,  облыс көлемінде  әр салада іскерлігімен, алғырлығымен көзге түсіп  үлгілі еңбек етіп жүрген  жас буын жастар өкілдері қатысты.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына түспа тұс келіп отырған  жастар форумында үздіктер анықталып, марапатталды.

Жалпы жастарды қолдау, оларға мемлекет тарапынан  көмек көрсету,   «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып келеді. Айта кетсек, жас спикерлердің ішінде мемлекет тарапынан қолдау тауып,  жеңілдетілген несие алып, өз істерін бастап еңбек етіп жатқандар жетерлік. Мысалға алсақ,  Г.Төлеген  әлеуметтік салада өзінің  оңалту орталығын ашып, 360 адамды  қамтып отырса,   С.Ильясов тіс емдейтін  өзінің емханасын, Р. Ассауп  кафесін  ашып, халыққа қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, форум барысында жас кәсіпкерлер бизнестің қыр –сырымен, тәжірибелерімен бөлісті.

«Жыл үздігі»  жастар премиясының қатарында  үздік жас дәрігер  –

А. Сабырғалиқызы,үздік жас спортшы –Д.Сабитов, үздік студент- М.Смағұл, үздік оқушы-С.Жарасов, үздік кәсіпкер – Н.Жұмағалиев, үздік жас өнерпаз-Д.Шамұратов, үздік волонтер –А.Рашидова, үздік жыл жобасы «Bilimdiler dodasy»  зияткерлік жобасы және  үздік жас ұстаз А.Жантурина, үздік жас тілші, облыстық мәслихаттың депутаты  А.Ермекқалиев бар.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды қолдау мақсатындағы шаралар   алдағы уақытта  да   жалғасын табатын болады.

рисунок