Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» аталымына жерлесіміз, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Хасанов ие болды

2021 жылдың 2-3 желтоқсанында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының  «Туған өлке» аталымына  жерлесіміз, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ержан  Хасанов ие болды.

Сондай-ақ,  7 желтоқсанда  облыс орталығында өткен   Жастар  форумында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты  Алтынбек  Ермекқалиев «Жыл үздігі-2021»  Батыс Қазақстан облысының жастар сыйлығы «Үздік жас тілші» аталымының жеңімпазы  атанды.

Облыстық  мәслихаттың депутаттары  Е.Хасанов пен  А.Ермекқалиевті  марапаттарымен  облыстық мәслихаттың депутаттары  және облыстық мәслихат аппараты атынан құттықтап,  туған өлкеміздің   өркендеп дамуына  қосқан үлестері  үшін  алғысымызды  білдіріп,  дендеріне саулық, отбастарына  амандық,  қызметтеріне толағай табыстар тілейміз!

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок