Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Тұрсынова  Ляна Алексеевна

Тұрсынова  Ляна Алексеевна 1958 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келген. Ұлты кәріс. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауылшаруашылы институты, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – экономист.

1983  – 1997 жылдар арасында Орал қаласындағы Трест асханалар  жүйесінің бас экономист-қаржыгері, «Омега» зауытындағы  асхана меңгерушісі,  жоспарлау бөлімінің басшысы, «Колос» мейрамханасының, «Солнышко» және «Азия» мейрамханасының директоры қызметтерін атқарған.

1997 жылдан бастап  «Отау-Алан» ЖШС директоры. Орал қалалық мәслихатының 5 шақырылымының, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  6, 7 шақырылымдағы депутаты. «Nur Otan»  партиясының мүшесі.