Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«ТІЛІМ МЕНІҢ-ТҰҒЫРЫМ»атты мерекелік шара өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей Ордасы ауданы білім беру бөлімінің «Балдәурен» бөбекжайында «Еркем-ай»тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен,   Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тіл мерекесіне орай «ТІЛІМ МЕНІҢ-ТҰҒЫРЫМ»атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, бүлдіршіндердің тіл туралы өлең шумақтары жатқа айтылып,патриоттық  әндер шырқалды.

Мерекелік шараға   облыстық мәслихат депутаты Исетай Габдуллин Есетұлы қатысып, тіл мерекесімен құттықтап,өскелең жас ұрпақ – балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеп жатқан  тәрбиешілерге мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда атқарып жатқан еңбектеріне табыс тіледі.

Мәдени кеш барысы,   тіл туралы ойындар, мақалдармен ән-күй, бимен жалғасын тапты.

рисунок

рисунок