Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Тасқала ауданына іс-сапармен келіп, аудандағы кәсіпкерлермен кездесті.

Ағымдағы жылдың 6 мамыры күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова және  облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Тишанова  Тасқала ауданына іс-сапармен келіп, аудандағы кәсіпкерлермен кездесті.

Сенаторлардың аудандағы сапары «Шевченко» жеке кәсіпкерінің  тәлімбағынан басталды.  Кәсіпкер М.Шевченконың айтуынша, тәлімбақ мемлекеттік қайтарымсыз  грант есебінен құрылған, тәлімбақтың ауылдарды абаттандыру  жұмыстарына сұранысқа ие болатынына сенімді.

Кездесу барысында, М. Шевченко осы саланы одан әрі дамытуға мемлекет тарапынан   қолдау болып, субсидия берілсе деген ұсынысын жеткізді.

Одан кейін  сенаторлар жеке қосалқы шаруашылығында құс асыраумен айналысатын А.Фрей  шаруашылығында болып, қазіргі таңдағы жай-күйімен танысты.  А. Фрей сенаторлармен сұхбаттасу кезінде,  өзінің қаражаты есебінен құс шаруашылығын дамыта отырып,  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып,  қайтарымсыз грантты  ұтып алғандығы туралы  айтып өтті.

Сенаторлар аудандағы жұмыс сапарын  Бірлік елді мекенінде жалғастырып,  өткен жылы іске қосылған  су құю цехының және мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.

рисунок

рисунок