Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Т.Тлемисов

Қыркүйек айының 14 күні Жалпақтал ауылындағы Ғиният Молдашев атындағы жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын барып қарадым. Мектепті күрделі жөндеуден өткізу болашақ ұрпақтың алаңсыз білім алуына, саналы ұрпақтың өсіп-өнуіне жол ашады. Ауылымыздың ажарлануына септігін тигізеді.

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:

<<Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімі>> мемлекеттік мекемесі

-басталуы: шілде 2021 ж.

-аяқталуы: 2022 ж. өтпелі

АВТОРЛЫҚ БАҚЫЛАУ:

<<DAB LTD>> ЖШС

ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

<<Алатау эксперт Инжиниринг>> ЖШС

МЕРДІГЕР

<<Юг Рем Строй Сервис>> ЖШС

ҚҰНЫ: 414939,4 мың тг.

ҚАРЖЫ КӨЗІ:

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ

Алайда, алаңдатып тұрған мәселелер де бар. Соның ішінде сметалық құжаттамасында бірнеше мәселелер қаралмаған:

  1. Мектептің жылыту қазандығы ғимараты сметада қаралмауы;
  2. Баспалдықтардың периласын ауыстыру қаралмаған;
  3. Мектептің сыртқы қабырғаларының штукатур сылағы қаралмаған, тек бояумен тұрады екен;
  4. Мектепке жаңа жиһаздардың қарастырылмауы ( оқушы партасы және т.б.).
  5. Мектеп асханасы мен ас үйдің екеуі екі жақта орналасуы. Асхана бірінші қабатта орналасқан болса, ас үй екінші қабатта орналасқан. Дайындалған асты балаларға екінші қабаттан түсіру біріншіден балалар мен қызметкерлер үшін қауіпті жағдай туғызады (ыссы тамақтан күйіп қалу қаупі бар). Екіншіден санитарлық талаптар сақталмайды.
  6. Спорт залының еден төсенішіне резина төсеніші қаралған екен, осыны ағаш материалға ауыстыру керек. Өйткені резина төсеніш балалар денсаулығына зиян келтіреді.

Одан да басқа мердігер жұмысын бақылайтын мамандар жоқ. Жұмыс аяқталу уақыты 2022 жылдың наурыз айы. Өкінішке орай нысан уақытында тапсырылмайтын болар.

Облыстық әкімшіліктен және оқу бөлімінің басқармасынан осы күрделі жөндеудің олқы тұстарының оң шешімін табуға ықпал етуін сұраймын.

рисунок

рисунок

рисунок