Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне арналған республикалық конференция

Бүгін  облыстық мәслихаттың үлкен залында  сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне арналған  республикалық конференция болып өтті.

Конференция  жұмысына облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, облыстық, қалалық  мәслихат депутаттары,  ҚР  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  БҚО бойынша департаменті РММ  бастығы Р.Ақмырзаев,  мемлекеттік  жергілікті басқару органдардың өкілдері,   аудандық  ҮЕҰтөрағалары,  қоғамдық кеңестердің мүшелері, этно-мәдени, діни  бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция  жұмысы онлайн, оффлайн  форматта  өтті.

Конференция модераторы  БҚО бойынша  «Болашақ» қорының төрайымы

С. Тұманбаева   конференцияның өту барысымен таныстырып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, ҚР  сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  БҚО бойынша департаменті РММ  бастығы Р.Ақмырзаев    сыбайлас жемқорлықтың қоғамның ілгерілеп дамуына тежеу салатындығы,  сыбайлас жемқорлықпен  күрес барысында атқарылып жатқан іс қимылдар туралы  қысқаша айтып өтті.

Конференция барысында  «Жаңару» РҚБ,  «Саналы ұпақ» РК, «Транспаренси Казақстан» ҚҚ,  «Әділдік жолы»  РҚБ  Орал филиалының  басшылары  өз  баяндамаларында  қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы  ҮЕҰ мен эксперттік қауымдастықтардың ролі,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды талап ететін мәселелер, мемлекет және азаматтық  қоғам арасындағы байланыс пен ынтымақтастық ,   құқықтық біліктілікті арттыру  туралы мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ, «Ақжайық – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты А.Салиева   жобалық кеңсенің  ролі мен атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндап,  басты бағыттарына тоқталды.

Конференция  сұрақ – жауаптармен  жалғасын тауып, марапаттаулармен, резолюция  қабылдаумен  өз  жұмысын тәмамдады.

рисунок

рисунок

рисунок