Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Қоғам қайраткері, Н.Есқалиевтің 80 жасқа толуына арналған облыстық мәслихаттың активі өткізілді

Бүгін облыстық мәслихаттың үлкен залында  қоғам  қайраткері, Н.Есқалиевтің  80  жасқа  толуына  арналған  облыстық мәслихаттың активі өткізілді.

Шараға   Нәжімеден Ықсанұлының  үзеңгілес   замандастары, қызметтес болған әріптестері, зиялы қауым мен қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері  шақырылды. Активті облыстық   мәслихаттың  қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы – М.Мұқаев жүргізіп, мерейтой иесін облыстық мәслихат депутаттары атынан құттықтап,   иығына шапан жапты.

Шара барысында, облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов Н.Ықсанұлының елге сіңірген еңбегін атап өтіп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хаты мен Нұрсұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновтің, мемлекет қайраткері И.Тасмағанбетовтың және бірқатар көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Түркі елдерінің елшілігінен келген құттықтауларды табыс етті.

Сондай-ақ облыстық сайлау комиссиясы, облыстық ардагерлер қоғамы және студенттік шақтан бері келе жатқан  үзеңгілес достары, жұмыстас әріптестері тарапынан бірқатар естеліктер айтылып,  құттықтаулар жолданды.

Шара соңында Нәжімеден Ықсанұлы бір кездері бірге қызмет атқарып, ауызбіршілік көрсеткен ел азаматтарына  бүгінгі көрсеткен құрметтеріне алғыс сезімін білдірді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок