Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

А.Салиеваның төрағалық етуімен комиссия отырысы болып өтті

Ағымдағы жылдың 10 қарашасы күні  облыстық мәслихаттың кіші залында  облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәдени-даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы А. Салиеваның төрағалық етуімен комиссия отырысы болып өтті. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева   және облыстық мәслихаттың депутаттары, БҚО жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері  қатысты.

Күн тәртібінде    2022-2024 жылдарға  аталған  басқармалар бойынша бюджет жобасы талқыланды.

Отырыс барысында депутаттар  шешім жобасын талқылай келе,

мүмкіндігі шектеулі  азаматтарды жұмыспен қамту  және  бұқаралық спортты  дамыту үшін облыстық бюджеттен қаражат  қарастыру туралы  мәселелерді көтерді.

Депуттар сондай-ақ,  облыс бюджетінен қаржыландыруды талап ететін өзге де мәселелерді қарап,   «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында  сайлаушылардың аманатының орындалуы туралы  ойларымен бөлісті.

рисунок