Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырысы болып өтті

Бүгін облыстық мәслихатта облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары  С.Жарылғаповтың төрағалық етуімен комиссия отырысы болып өтті.  Отырысқа  комиссия мүшелері И.Габдуллин, Г.Нұрмұханов, Ә. Шәмшідін, облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ә.Жоламанов, облыстық басқармалар мен департамент өкілдері  және аудандық мәслихат хатшылары мен  депутаттары    онлайн   түрде қатысты.

Күн тәртібінде су, жер, мал азығы қорын дайындау,  субсидия беру,   жалпы (дәнді және майлы дақылдарды) субсидиялау, киік санын реттеу, экология  және бағаны тұрақтандыру қорына ақша бөлу, күре жол бойындағы малдарды анықтау, жалпы БҚО Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жүйелі жобамен таныстыру туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында, БҚО  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  басқармасы басшысының орынбасары  Б.Хайруллин  қазіргі таңдағы облыс бойынша  су шаруашылығының қалыптасқан жағдайы туралы баяндап, ЖКССЖ  су қоймаларының толтырылуы  25%немесе толық 260,3 млн.куб.м. көлемнен  65 млн.куб.м. су бар екендігін, бүгінгі күнгі жағдайға  РФ БҚО  аумағына Үлкен және Кіші  өзендерге  99 млн.м.куб шамасында  немесе барлық көлемнің  68% алынғандығына тоқталып өтіп, депутаттар қойған сұрақтарға жауап берді.

Осы орайда, «Казсушар» РМК директоры  Н.Жұмағалиев,  Жәнібек суару – суландыру  жүйесінің  насостық  станциясына су есептегіш  қойылып, Варфоломеев су торабында Кіші  өзеніне және Қайыңды ауылы тұсындағы Үлкен өзеніне бас су алу  торабына  су есептегіштер қою жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын,   бұдан басқа  Жаңақала ауданы  шекарасына  2 су есептегіш   қоюға тапсырыс    жоспарлануда екендігін айтып өтті.

Сонымен қатар, БҚО ауылшаруашылығы  басқармасы басшысының  орынбасары Д.Умашев,  мал азығы мен оның қорын  дайындауға, дәнді және майлы дақылдарды субсидиялау мәселесі бойынша ақпарат бере отырып,  мал азығын дайындауға қатысты  жергілікті жерде тиісті нормативтерді бекітілгеннен кейін қажетті субсидия берілетіндігін, ал дәнді  және  майлы дақылдарға қатысты  ағымдағы жылы облыс бойынша  122 мың гектарға аталмыш өнім егілгендігін,  егін жинау қарқынды жүргізіліп жатқандығы  туралы қысқаша айтып өтіп,    қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.

БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы М.Өміралиев   тұрғындардың қосалқы шаруашылықпен айналысуы үшін жайылым жерлерінің жетіспейтіндігін, облыс аумағындағы ауылшаруашылығына тисті пайдаланылмай жатқан 392 мың гектар жерлерді тексеріп, мақсатты пайдалану үшін тізімін жасақтауға жұмыстанып жатқандығын жеткізді.

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  басқармасының өкілдері  өз кезегінде, облыс аумағындағы киіктердің  ең көп таралған  4 ауданында  (Казталов, Жәнібек, Бөкейорда және  Жаңақала аудандарының аумағында )  жалпы  аумағы 343040,1 га  құрайтын РМ «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын   құру туралы ҚР қаулы жобасы әзірленіп, ҚР Үкіметіне келісуге жолданғандығын атап өтті.

ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша  экология департаментінің басшысы Е.Қуанов, облыс бойынша  экологиялық жағдайдың тұрақты екендігіне тоқталып, осы орайда  бұл мәселемен департамент жанындағы арнайы  сараптау комиссиясы тұрақты түрде жұмыстанып жатқандығын айтты.

Сонымен қатар, отырыс барысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша ӘКК АҚ басшысы Ә.Тоқтасынов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың   сатып алу жолдары, оған   бөлінетін қаражат, алынған тауарлардың сақталуы туралы ақпарат берді.

БҚО ветеринария  басқармасының басшысы С.Нұрмағанбетов,  халық арасында малды есепке алу үшін оларға ен (чип) салу керек екендігі  туралы  түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп  жатқандығын, әлі де болса ауылдық жерлерде  малдарына чип салмай, оларды қараусыз қалдырып,  сол себепті кейбір малдардың  жолға шығып кету салдарынан,  көлік оқиғасының орын алуына жол беріп отырғандығын баса айтты. Сонымен қатар, әлі күнге дейін сырғаның тиісті құжаттар дайын болмағандықтан, облысқа келмегендігі де айтылды.

Отырыс барысында,   комиссия мүшелері  Г.Нұрмұханов жер қойнауын тексеріп, тұщы су іздеу, Ә.Шәмшідін балық қоры туралы мәселелер көтерді.

Комиссияны қорытындылаған С.Жарылғапов  депутаттардан Ұлттық жобаға жіберу үшін өз ұсыныстарын   жинақтап берулері керек екендігін  жеткізді. 

рисунок

рисунок