Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы болып өтті

Бүгін  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен  залында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы болып өтті. Комиссия отырысын комисссия төрағасы М. Мұқаев  жүргізді. Күн тәртібінде    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы №30-1 «Батыс Қазақстан облысы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»,  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі  №13-2 «Батыс Қазақстан облысындағы  көші-қон  процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  №37-2 «БҚО жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы»,  БҚО азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті  шарттармен тегін медициналық көмектің көлемі туралы»,  БҚО тұтынушылар кооперативтерінің құқықтарын қорғау департаментінің есебі, БҚО мәслихатында «Ақжол» ҚДП депутаттық фракциясын тіркеу туралы», БҚО мәслихат аппараты» ММ Ережесін бекіту туралы   мәселелер  қаралды.

Отырыс барысында, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары И.Мыңбаев қолданыстағы көшін-қон процестерін реттеу Қағидасындағы «оралман» деген сөзді «қандас» сөзімен ауыстыру бойынша өзгерісті айтып өтті.

Депутаттар, БҚО азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті  шарттармен тегін медициналық көмектің көлемі, оның ішіндегі дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар тізіміне ұсынылып отырған тағы да  екі дәрілік  емдік өнімді қосу туралы мәселені талқылап, келісе отырып, алдағы уақытта бұл мәселені бақылауға алып, денсаулық сақтау министрлігіне хаттар жолдауды салалық комиссияға жүктеді.

Күн тәртібіндегі  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  №37-2 «БҚО жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А. Халелов баяндай отырып, қағидаға енгізіліп отырған  өзгерістерді қолдаудың қажеттігіне тоқталды.

Депутаттар сондай-ақ, күн тәртібіндегі Батыс Қазақстан облысы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындауға байланысты мәселені қызу талқылап,   ұсынылып отырған 1500000  теңге көлеміндегі  сертификат беру мәселесіне қолдау білдірді.

БҚО тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаментінің басшысы  Э.Киматова департаменттің қазіргі таңдағы атқарып отырған жұмыстары туралы ақпарат беріп өтіп,  тұтынушылардан  279 жазбаша   өтініш келіп түскенін,  оның ішінде телеграмм бот арқылы 40,  біріңғай ақпараттық жүйелер арқылы 90 болса,  11 жоспарлы тексеріс жүргізіліп,  Заңға сәйкес,  талап арыздардың қаралғандығын жеткізді.

Отырыс соңында БҚО мәслихатында «Ақжол» ҚДП депутаттық фракциясын тіркеу туралы» және БҚО мәслихат аппараты» ММ Ережесін бекіту туралы мәселелерде депутаттар тарапынан қолдау тапты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок