Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының кадрлық комиссиясының кезекті отырысы болып өтті

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының кадрлық комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева, БҚО әкімі аппаратының басшысы Б. Батаев, БҚО Тексеру комиссиясының төрағасы
Ә. Қадырбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев, БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары А.Тұйғынбетов қатысты.

Күн тәртібінде «Мемлекеттік қызмет заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары туралы», «ҚР-ның Еңбек кодексінің талаптарын сақтау туралы» мәселелер қаралды.

Комиссия мүшелері қысқарту кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуы туралы айтылған ұсыныс пікірлерді тыңдай келе, барлық мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберу жөнінде шешім қабылдады.