Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық Кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс және байқаушыларды іріктеу туралы облыстық маслихаттың хабарламасы

1. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты облыстық Қоғамдық Кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы 9 (тоғыз) адам болып анықталды, олардың 3 (үш) мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері және 6 (алты) конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар.

Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде төменде көрсетілген мекенжайға және (немесе) электронды поштаға мынадай құжаттар ұсынулары қажет:

1) үлгі бойынша өтініш;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 8-бабымен көзделген әділдік қағидатына сүйене отырып жұмыс тобының отырысына қатысуға ниет білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетінін хабарлайды.

Байқаушы ретінде ниет білдірген адам осы хабарландыру жарияланған күннен бастап ағымдағы жылдың 11 қаңтарына дейін үлгі бойынша өтінішін төменде көрсетілген мекенжайға және (немесе) электронды поштаға ұсынулары қажет.

Құжаттарды мына мекенжайға: Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 201 үй, №301 кабинет немесе электрондық мекенжайға bko_maslihat@bko.gov.kz жолдауға болады.

 

Облыстық мәслихат