Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті

Бүгін  «Атамекен» ҰКП  БҚО филиалында  облыстық мәслихат депутаттары  М.Жәкібаев, Т.Тлемисов, С.Жарылғапов облыс шаруашылықтарындағы  шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге  сондай-ақ,  онлайн режімінде  облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева  және облыстық ауылшаруашылығы басқармасының,  «Казсушар» мекемесінің,  Бөкейорда, Жаңғала аудандарының    өкілдері   қатысты.

Күн тәртібінде  қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған су тапшылығы, мал азығын дайындау туралы мәселелер көтерілді.

Әсіресе, Жаңғала ауданындағы  жағдайдың сын көтермейтіндігі,  судың тапшылығынан  қолдағы малдан айырылу қаупі мен қуаңшылық салдарынан жем-шөп сатып алуға қаражатттың жеткіліксіздігі  туралы  өздерінің жан айқайын  жеткізген шаруа қожалықтары бұл мәселені  тез арада шешу  үшін  көмек  қажет екендігін жеткізді.

Бұл орайда,  облыстық мәслихат депутаттары  Т.Тлемисов  Жаңақала

ауданына  жем-шөп сатып алуға  қажетті  қаражат  көзін қарастыру

қажеттігін айтса, М. Жәкібаев  Жаңақала ауданына қатысты

тиісті органдармен бірлесе отырып, заң аясында    шешім  қабылдау қажеттігі туралы өз пікірін білдірсе, С.Жарылғапов шаруалардың облыс әкімімен  кездесіп, бұл мәселені біржақты ету керек деген ұсынысын жеткізді.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының өкілдері өз кезегінде,   мал азығын тасымалдауға қатысты  жиырма шақты бағдарлама бар екендігін, сол бойынша  нормативтік  құжаттарға сай жұмыстардың  уақтылы  жүргізіліп жатқандығын айта келе, шаруалар қойған сұрақтарға жауап беріп  өтті.

Кездесуді қорытындылаған депутаттар  көтеріліп отырған мәселенің  шешімін  табу жолдарын қарастыру  туралы айтылған  ұсыныстармен жұмыстанатындықтарын жеткізді.

рисунок

рисунок