Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті

Бүгін  ҚР Президентінің жанындағы  мемлекеттік басқару Академиясының   БҚО филиалында,  облыстық,  қалалық және  аудандық деңгейдегі  мәслихат депутаттары үшін «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін арттыру»  тақырыбында  семинар-тренинг  болып өтті. Семинарға облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қонысбаева және барлық деңгейдегі  мәслихат депутаттары қатысты.

Семинар-тренинг USAID және Нұр-Сұлтан  қаласындағы Еуропадағы  қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы  бағдарламалар офисінің  қаржылық қолдауымен,  ҚР Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігімен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясымен, Қазақстандағы  Internews  Network өкілдігімен және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен  ұйымдастырылуда.

Семинардың мақсаты – мәслихаттың  рөлін, әлеуетін күшейту, соның ішінде құқықтық сауаттылықты  күшейтуге  баса мән беру, депутаттардың  сайлаушылармен    өзара  әрекеттесуінің тиімді формаларын ұсыну, оған қоса мәслихат  қызметі мен бюджеттік  процестердің ашықтығына  байланысты  сұрақтарды талқылау.

Семинар барысында  депутаттар тарапынан  жергілікті  өзін-өзі басқару бойынша  ұсыныстар  берілді.

рисунок

рисунок