Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева аудандық мәслихат хатшыларымен кеңес өткізді

Бүгін облыстық мәслихаттың баспасөз  орталығында  облыстық мәслихаттың хатшысы  Б.Қонысбаева  аудандық мәслихат хатшыларымен ZOOM  форматында  кеңес  өткізді.

Күн тәртібінде «Чернобыль мүгедектері,  Ауған соғысының Тәжік  шекарасын қорғаған ардагерлерді  әлеуметтік қолдау  туралы»     мәселе  қаралды.

Кеңес барысында Б.Қонысбаева мәслихат хатшыларына, Чернобыль мүгедектері, Ауған соғысының Тәжік шекарасын қорғаған ардагерлерді  әлеуметтік қолдау  туралы  мәселе бойынша  құрылған  жұмыс тобының отырысында айтылғандай,  аудандық, қалалық  жұмыспен қамту бөлімдерінің    аталған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекті жоспарлап жасақтауы үшін аудандық, қалалық жұмыспен қамту бөлімдерінің жұмыстануы  керек екендігін айтып өтіп,  заң аясында  тиісті процедуралардан өткен соң,  ардагерлерге берілетін  біржолғы  әлеуметтік көмек жылына  екі рет 9 мамыр Жеңіс күні мен  16 желтоқсан  Тәуелсіздік күніне  берілетіндігін жеткізді.

Сонымен қатар  Б.Қонысбаева  Чернобыль, Ауған ардагерлерінің медициналық сақтандыру  туралы мәселесін  қарастыру туралы ұсынысымен бөлісті.

рисунок