Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің онлайн дөңгелек стөліне қатысты

Бүгін  облыстық мәслихаттың хатшысы  Б.Қонысбаева  ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама,сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «Балалардың құқықтарын  қорғау жөніндегі  қызметті  заңнамалық реттеу, кәмелетке  толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында  болып  өткен  онлайн дөңгелек стөлге   қатысты.

Дөңгелек  стөлге қатысушылар қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отырған бала тәрбиесі,  олардың құқықтарының қорғалуы, кәмелетке толмағандарға қатысты  құқық бұзушылықтың алдын алу  және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысындағы атқарылып жатқан іс-шаралар мен  жоспарлар туралы  ақпараттармен бөлісті.

Жиылыс соңында  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз  ету және құқықтарын қорғау,  кәмелетке толмағандар арасында суицид пен буллингтің алдын алу шараларын  қабылдау, осы саладағы мемлекеттік  бақылауды жүзеге асыру жөніндегі  уәкілетті органның  құзыретін кеңейтуге бағытталған заңнаманы  одан әрі  жетілдіру қажеттігі туралы тапсырмаларды орындау, сондай-ақ балалардың құқ ықтарын қорғау жөніндегі  қызметті  заңнамалық реттеудің  өзекті мәселелерін талқылау, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу  және олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету туралы тиісті министрліктерге және жергілікті органдарға   қатысты  ұсыныстар берілді.

рисунок