Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева және облыстық мәслихат депутаттары Ф.Бахтиозин және А.Бисенов ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесті

Ағымдағы жылдың 18-19 қараша күндері Батыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева және облыстық мәслихат депутаттары  «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Ф.Бахтиозин және А.Бисенов ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.Төреғалиев және Л.Рысбековамен бірге тиісті  министрліктер өкілдерімен кездесіп, облыстағы  өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде депутаттар БҚО бойынша бұған дейін де  көтеріп жүрген облыстағы  су тапшылығы, Ресей елінен келетін суды қаржыландыру, киік резерватын құру, су қоймаларын реттеу және қалпына келтіру,  әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру туралы және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын  іске асыруда  «Жол картасын» орындау  мәселелерін көтерді.

Бұл ретте кейбір мәселелерді шешу барысында алдағы  уақытта тиісті министрліктермен  бірлескен    жұмыстар   жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар 19 қараша күні   Б.Қонысбаева  өзге облыстардың мәслихат хатшыларымен бірге   ҚР Парламенті Сенатының төрағасы  М.Әшімбаевпен кездесуде болып,  ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңына кейбір өзгерістер енгізу туралы  ұсынысын жеткізді.

Кездесу соңында  ҚР Парламенті Сенатының төрағасы тарапынан  мәслихат хатшыларына алдағы үш жылдық бюджеттің, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың  мақсатты орындалуын қадағалау,   бюджеттік бағдарламалардың  іске асырылуын бақылау туралы тапсырма берілді.

рисунок