Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Комиссия отырысына облыстық  мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева, комиссия мүшелері    Ф.Бахтиозин, С.Ескендиров, Е.Хасанов облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс,  жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары, мемлекеттік сатып алу басқармаларының    өкілдері қатысты.

Комиссия отырысын комисссия төрағасы М. Мұқаев  жүргізді.

Күн тәртібінде     облыстық мәслихаттың  кезекті 8 –ші сессиясындағы    мәселелер   қаралды.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Каюпов  2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджеттің  жобасы  туралы айтып өтіп, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің   жалпы болжамды параметріне тоқталды.

Депутаттар бюджетті талқылау барысында    жол картасының орындалуы шеңберіндегі   қаржыландыруды қажет ететін нысандар,  сумен қамтамасыз ету,  жол,  оңалту орталығының құрылысы, мемлекеттік сатып алу  туралы      мәселелер көтерді.

Отырыс барысында депутаттар сондай-ақ,   күн тәртібіндегі    облыс аумағын дамыту бағдарламасы мен кейбір қағидаларға енгізілетін   өзгерістер туралы мәселелерді талқылады.

Отырысты қорытындылаған  М.Мұқаев  бюджеттік әкімгерлерге жол картасының орындалуын қадағалауда ұстауға және   мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселені  тұрақты комиссия отырысында  бөлек қарастыру  туралы ұсынысын жеткізді.

рисунок

рисунок