Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік –мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева және комиссия мүшелері  Ш.Өтебалиева, Ж.Жақсығалиев,  Б.Ізмағамбетов,  Орал қалалық  мәслихат депутаты А.Туркина облыстық  экономика және бюджеттік жоспарлау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тілдер, жастар саясаты, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  және архивтер басқармаларының  өкілдері қатысты.

Комиссия жұмысын  комиссия төрайымы А. Салиева  жүргізді.

Күн тәртібінде   облыстық мәслихаттың  кезекті 8 –ші сессиясындағы мәселелер қаралды.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Каюпов  2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджеттің  жобасы  туралы айтып өтіп, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің жалпы болжамды параметріне тоқталды.

Депутаттар бюджетті талқылау барысында   жол жөндеу,  денсаулық сақтау саласына  қатысты ауылдық жерлердегі дәрігерлік амбулаторияларды  жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық жабдықтау, білім беру саласына қатысты мұғалімдердің жалақылары, мектеп құрылысы, жасөспірімдерді спортқа тарту үшін қаражат бөлу  және мемлекеттік сатып алу туралы мәселелер көтерді.

Сондай-ақ, комиссия отырысына Орал қалалық мәслихатының депутаты А.Туркина қатысып,  соңғы кезде белең алып келе жатқан  «шашыраңқы  склероз» (рассеянный склероз) ауруы  туралы айтып өтіп  ауруды болдырмау мен оның алдын алу үшін  қажетті дәрілерді  сирек кездесетін аурулар тізіміне енгізу қажеттігі туралы мәселені көтерді. Депутаттар   көтерілген мәселе бойынша   Денсаулық министрлігіне хат жолдау керек деген  ортақ пікірге келді.

рисунок