Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 8-ші сессиясы болып өтті

Сессия  жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жүргізді.

Сессияға облыс әкімі Ғ.Есқалиев, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық, аудандық мәслихат хатшылары,   облыстық  департамент,  басқармалар  басшылары, БАҚ   өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде   облыстық мәслихаттың  кезекті 8 –ші сессиясындағы    мәселелер   қаралды.  Облыстық  мәслихаттың  қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы М.Мұқаев тұрақты комиссияның шешім бойынша  сессия күн тәртібіне  БҚО Тексеру комиссиясының  2022 жылғы жоспарына жалпы мемлекеттік коммуналдық мекемелерді тексеруді енгізуді   ұсынды.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Н.Гайтпаева 2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджет   туралы айтып өтіп, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің болжамдарына тоқталып,  шешімді қолдауды ұсынды.

Жалпы, осыған дейін  екі ай ішінде депутаттар облыстық бюджеттің жобасын салалық тұрақты комиссияларда бюджет әкімшілерімен егжей-тегжейлі қарап, талқылаған болатын.  Депутаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды  бағдарламасы шеңберіндегі  Жол картасына қаражат бөлуіне ықпал етті.

Өз кезегінде, облыстық бюджет шығыстары 2022 жылға 323,6 млрд. теңге (2023 жылы – 165,7 млрд. теңге, 2024 жылы – 169,8 млрд. теңге), оның ішінде ағымдағы бюджет – 293,9 млрд. теңге, даму бюджеті – 29,7 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде   Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»  сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыруға шығыстар 84,1 млрд. теңгені құрайды.

Осылайша, бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ел басының тапсырмаларына және «NurOtan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына және жергілікті атқарушы органдармен жасалатын бағдарламалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылды. Қаражаттар басым сипаттағы әлеуметтік мәселелерді шешуге, сонымен қатар, басталған нысандарды аяқтауға бағытталды.

Сондай ақ, депутаттар Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі №37-3 «Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 – 2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» 2019 жылғы 6 наурыздағы №23-2 шешімінің күші жойылды деп тану, БҚО ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту,     Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-1 «2021-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелерді қарап бекітті.

Сессияда сонымен қатар,  «Батыс Қазақстан облысының  құрметті азаматы» атағын беру, Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаты Т.И.Шектебаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1-2-1 «Облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары және мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер  қаралып, депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау  тапты.

Сессия соңында облыс әкімі Ғ.Есқалиев  өңіріміздің дамуына  зор үлес қосқан бір топ жерлестерімізге  мемлекеттік наградалар мен  ҚР Президентінің  Алғыс хаттарын табыс етті.  Марапатталғандар ішінде облыстық  мәслихаттың депутаттары  М.Жәкібаев  «Құрмет» орденімен,  Л.Тұрсынова  «Ерен еңбегі үшін» медалімен  марапатталды.

Сессия жұмысына  «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімінің жобасын бекітуге қатысты Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының регламентінде көрсетілген мерзімнен аспайтын уақытқа үзіліс  жарияланды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок