Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 8-ші кезекті сессиясының жұмысы жалғасты.

Сессия  жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жүргізді. Сессияға облыстық мәслихат депутаттары офлайн және онлайн режімінде қатысты. Күн тәртібінде  2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджет, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер туралы мәселе қаралды.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Н.Гайтпаева 2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджет пен республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер туралы айтып өтіп, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің болжамдарына тоқталды. «2022-2024 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №872 Қаулысымен 2022 жылға жалпы сомасы 103,4 млрд. теңге сомасында (2023 жылға – 7 млрд. теңге, 2024 жылға – 8 млрд. теңге) нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлінді. Соның ішінде, республикалық бюджеттен 85,7 млрд. теңге, Ұлттық қордан 17,7 млрд. теңге.

Бөлінген нысаналы трансферттер есебімен облыстық бюджет 323,6 млрд. теңгені (2023 жылы – 165,7 млрд. теңге, 2024 жылы – 169,8 млрд. теңге) құрады, оның ішінде ағымдағы бюджет – 293,9 млрд. теңге, даму бюджеті – 29,7 млрд. теңге.

Сессия соңында облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева өңіріміздің дамуына  зор үлес қосқан бір топ  облыстық мәслихат депутаттарына, ардагерлерге,  ҚР Тәуелсіздігінің  30 жылдық мерекесіне орай,  салалық министрліктердің  медальдарын, төсбелгілерін, ҚР Парламенті Сенатының  Құрмет грамотасымен  Алғыс хатын  және облыс әкімінің  Алғыс хатын  табыс етті.

рисунок

рисунок

рисунок