Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

С.Жарылғапов су мәселесін қадағалау мақсатында құрылған жұмыс тобының құрамымен Жаңақала өңіріне барып қайтты

Ағымдағы жылдың  29 қырыкүйек күні  облыстық мәслихаттың депутаты  С.Жарылғапов   су мәселесін қадағалау мақсатында құрылған  жұмыс тобының құрамымен Жаңақала өңіріне барып қайтты.

Басты мақсат – қазіргі таңда  Кіші өзенмен келе жатқан  судың бағытын қадағалау,  Факей, Казарма деген өзен арналарына судың жетуі.

Бұл туралы   сұхбатында  депутат  С Жарылғапов, қазіргі таңда ағып келіп жатқан суға халықтың көңілі толып жатқандығын,  Казармадан судың асқаны, енді бір  он күнде Факейге жетеді деген болжам барлығын, Жаңақазан ауылының  маңындағы айдынның су толғандығын  айтып өтіп, енді кезекте,  Кіші өзенмен келетін суды,    ағып жатқан  5 тұрбаның біреуін жауып,  қалған тұрбалар тоқтатылмайтындығын,  ендігі жерде Кіші өзенмен келген суды   Сокрылға,    Сарышығанаққа және Айдархан су қоймасына толтыру екендігіне тоқталды.

С.Жарылғаповтың айтуынша, Қараөзенге бойынша келіп жатқан судың бағыты жақсы, тиісті мөлшері келіп тұр, ендігі  шешілмей тұрған мәселе   3 елді мекенге Көшім каналынан келуі тиіс судың толық мөлшерде жетпей жатқандығы.

Комиссия мүшесі, депутат С. Жарылғаповтың пайымдауынша, су мәселесі Жаңақала өңірінде біртіндеп шешіліп жатыр деп ауыз толтырып айтуға болады.  Алдағы қазан айының ішінде  жұмыс тобының,  су мәселесін қадағалау үшін  аталмыш аудандарға тағы да   іс сапарлары жоспарлануда.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок