Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Биліктегі заң орындарындағы әйел депутаттардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешудегі атқаратын ролі» атты онлайн конференция болып өтті.

Извините, этот техт доступен только в “Казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін  Нұр Сұлтан қаласында  «Қазахтелеком» АҚ ашық алаңында, «Әйелдер күшінің  Альянсы» және   Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастыруымен «Биліктегі заң орындарындағы  әйел депутаттардың әлеуметтік  маңызы бар мәселелерді шешудегі атқаратын ролі»   атты  онлайн  конференция болып  өтті.

Конференцияға ҚР Парламенті Сенатының, Мәжілісінің және    республикамыздың барлық өңірінен әйел депутаттар қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатынан да  7 депутат  Zoom форматына қосылды.

Конференцияны ашқан  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,   «Әйелдер күшінің  Альянсы» қамқоршылық кеңесінің  және   Нұрсұлтан Назарбаев қорының төрайымы Д.Назарбаева  қазіргі таңдағы әйелдердің қоғамда әлеуметтік мәселелерді шешудегі атқарар ролінің маңызды екендігіне тоқталып  өтіп,  конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конфенцияны ҚР «Әйелдер күшінің  Альянсы» төрайымының орынбасары Азиза Шужеева  жүргізді

Конференцияның өту барысында, ҚР «Әйелдер күшінің  Альянсы» төрайымы Р.Сәрсембаева, сондай-ақ  Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Нұр Сұлтан, Қарағанды қалаларынан  әр түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары,  ҚР –дағы адамдардың өмір сүру  сапасын жақсарту,  еліміздегі  әлеуметтік  маңызы бар  мәселелер, гендерлік  бюджет,  жас депутаттарды оқыту, мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру,  мәселелерін көтеріп,   ұсыныстарын  талқыға салды.

БҚО-нан сайланған  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л. Рысбекова   қабылдануға жататын бірнеше заң жобаларына тоқталып өтті. Оның ішінде білім саласы, мүмкіндігі шектеулі  жандарды әлеуметтік қорғау,субсидия, грант, әлеуметтік Кодекс, балаларды қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңдардың талқыға салынатындығын тілге тиек етті.

Конференция соңында,  алдағы уақытта осындай әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылайтын жиындарды жиі ұйымдастырып, осы бағыттағы жұмыстар  жалғасын табатындығы айтылды.