Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

ҚР Экология вице-министрінің қатысуымен кездесу

Кеше облыс  әкімдігінде ҚР Экология  вице-министрінің қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуді облыс әкімі Ғ.Есқалиев жүргізді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары А.Алпысбаев, облыстық мәслихат депутаттары М.Жәкібаев, С.Жарылғапов, Т. Тлемисов,  облыстық, аудандық өкілді және  атқарушы органдардың, «Казсушар» АҚ-ның,  шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттары  су мен мал азығы,  су өтетін  тоғандарды, бөгеттерді  тазалауға қаражаттың бөлінбей жатқандығы,  соның салдарынан  тұрғындардың судың тапшылығын көріп отырғандығы  туралы мәселелерді вице министр назарына ұсынып, талқыға салынды. Аталмыш мәселелерді  депутаттар осыған дейін де облыстық мәслихатта, «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасында бірнеше рет  талқылаған болатын.

Осы орайда, депутаттар  қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған судың тапшылығы, берілген судың  аудандарға дұрыс жетпей жатқандығы, әсіресе Жаңғала ауданындағы жағдайдың қиындап кеткендігі,  құрғақшылық салдарынан шаруалардың сусыз қалып отырғандығы, мал азығын дайындауда қауқарсыздығы туралы  айтып өтіп, ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар берілген судың  қалай бөлінгендігі туралы  «Казсушар» мекемесіне де көкейдегі сұрақтарын қойды.

Кездесуді қорытындылай келе депутаттар көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қадағалап отыратын комиссия құру керек  тоқтамға келді. Ол комиссия  берілген судың қалай бөлінгендігін, ол судың діттеген жеріне жетуін  қадағалап, су тоғандарын аршу үшін артқарылатын жұмыстарды, оған бөлінетін қаржыны  және  су, мал азығы, киік мәселелерінің шешілу барысын назарда ұстайтын болады. Комиссия құрамына депутаттар мен қатар, «Казсушар» мекемесінің, Казталов, Жанғала аудандарының өкілдері енетін болады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок