Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Қоғамдық Кеңестің онлайн режимінде кезекті кеңейтілген отырысы болып өтті.

Ағымдағы жылдың 24 мамыры күні облыстық Қоғамдық Кеңестің онлайн режимінде кезекті кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырысты Кеңес төрағасы Е.Салықов жүргізді. Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары М. Манкеев, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, «КПО б.в» компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бойынша менеджері Е. Әубәкіров, кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізбесі туралы мәселе қаралды.

Кеңес барысында, КПО компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бойынша менеджері Е. Әубәкіров атқарылған жұмыстарды баяндап өтіп, ұсынылып отырған әлеуметтік жобалардың маңыздылығына тоқталып, аталған жобаларды кеңес мүшелеріне келісу үшін ұсынды.

Өз кезегінде сөз алған Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, ағымдағы жылы Зашаған кентіндегі шағын аудандарын абаттандыру мен жарықтандыруға арналған аталмыш екі жобаның қаланың көркеюіне, тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін маңызы зор екендігін тілге тиек етті.

Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері тарапынан автотұрақ, кепілдік хат мерзімі, әуежай терминалымен нысандар құрылысы және жол сапасы туралы бірнеше сұрақтар қойылып, өз ара пікір алысты.

Кеңес мүшелері ұсынылған екі жобаны қолдап қарар қабылдады.

рисунок

рисунок