Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ағымдағы  жылдың  1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті  Қ. Тоқаев «Халық бірлігі және  жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты  Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. 

Мемлекет басшысы  кезекті Жолдауында егемендігіміздің еңселі, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болғанына 30 жыл толып отырғандығына тоқталып, қол жеткен жетістігіміз мен  мақсаттарымызға жетуіміздің жолы –  Қазақстан еліндегі   көп ұлтты халықтардың татулығы мен бірлігінің тұтастығының арқасында  деп атап өткен болатын.   

Жолдауда тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін әрбір сала бойынша негізгі бағыттар  туралы кеңінен айтылған.

Әсіресе,, еліміздің экономикалық дамуы үшін тиімді болып табылған  «Бизнестің жол картасы» мен  «Қарапайым заттар  экономикасы» бағдарламаларының 2022 жылда дейін ұзарту туралы  шешім қабылдауы,  ел дамуындағы стратегиялық  мақсатқа қол жеткізудің бірден -бір кепілі.

Мемлекет басшысы әсіресе аймақтың дамуына көбірек көңіл бөлуді, ауылшаруашылығына әсіресе, жем-шөп, жайлымдық жерлердің жетіспеуі, ауыз су тапшылығы, қолжетімді субсидия секілді мәселелерге баса назар аударып, құзырлы органдарға қажетті заң жобасын дайындауды тапсырды.

Басқа өңірлер сияқты біздің облысымызда да тұрғындардың  көбі мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары   шаруалар су мен жем-шөп тапшылығын көріп отыр. Шаруалардың жан айқайын көзбен көріп жүрген  облыстық мәслихат пен өңірімізден сайланған Парламент  депутаттары да бұл мәселені Үкімет тарапына дейін жеткізуде. 

Бұл ретте, Жолдаудағы қуантарлық тағы бір мәселе  республиканың 6 облысындағы 9 су қоймаларының құрылысы жоспарлатындығы, оның ішіне  біздің Батыс Қазақстан облысының енуі көңілге қуаныш ұялатып отыр.  Шешімін таппай жүрген  осы мәселелердің Жолдауда қолдау тапқаны, шаруалардың ертеңгі  күнге деген сенімін нығайтып,  үмітін жетелеуде. Жалпы Жолдауда айтылған барлық бастамалар  тұрғындар тарапынан қызу қолдау табуда. 

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының хатшысы                                      Б. Қонысбаева