Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Ағымдағы жылдың 12 мамыры күні облыстық мәслихаттың  қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері  мәселелері бойынша  тұрақты комиссиясының  отырысы болып өтті. Комиссия отырысын комиссия төрағасы  М.Мұқаев  жүргізді. Комиссия жұмысына  облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, комиссия мүшелері А.Бисенов, С. Ескендіров, А.Хасанов және қаржы, энергетика және тұрғын  үй-шарушылығы, ауылшаруашылығы,  кәсіпкерлік және индустриалды-инновациалық даму және ауылшаруашылығы басқарламаларының өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелері күн тәртібінде  екі мәселені  қарап талқылады. Бірінші мәселе облыстағы барлық әлеуметтік  инженерлік қамтамасыз ету обьектілерін тиісті қызмет  көрсетушілердің балансына беру  туралы  тиісті  салалық әкімгерлердің ақпараттарын тыңдап,  бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған  инженерлік құбырларды балансыға беру туралы мәселені  біржақты етудің  уақыты жеткендігін айтып,  болашақта балансына беруге жататын  құбырларды  бір жүйеге келтіру үшін олардың тізбесін жасап, жүйелік графигіне енгізіп, қадағалап отыру керек екендігі туралы ұсыныстар айтылды.  Күн тәртібіндегі екінші -мемлекеттік сатып алу, сүт өнімдерін өңдеу, оны сақтау   мәселелері бойынша комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, талқыға салды. Отырыс соңында  комиссия мүшелері инженерлік құбырларды балансыға беру мәселесі бойынша тиісті органдарға  бір ай мерзім  ішінде жоспарды бекітіп сол бойынша жұмыстану жөнінде ұсыныс берсе,  сүт өндірісі бойынша мәселені тиісті органдарға  сүт өнімдерін тұтынатын облыс, аудан көлеміндегі мекемелер туралы терең  сараптама жүргізу жөнінде және бұл мәселе алдағы уақытта комиссия отырысында бөлек тақырып ретінде талқыланатындығы туралы шешім қабылдады.

рисунок

рисунок