Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы

Бүгін  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы  Zоом  режімінде  болып өтті.  Комиссия отырысына  облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева комиссия мүшелері  А.Мерғалиев, А. Рубцов, Е.Хасанов, А.Бисенов, С.Ескендіров   және  облыстық  білім беру,   денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, энергетика және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациалық даму, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  өкілдері қатысты. Комиссия жұмысын  комиссия төрағасының орынбасары Ф.Бахтиозин жүргізді.

Күн тәртібінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының облыс көлемінде орындалуы туралы  мәселе  қаралды.

Отырыс барысында, Батыс Қазақстан облысының  мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы  Б. Ниетқалиева  2021 жылдың басынан бастап бюджет шығыстарын оңтайландыру және бір көзден сатып алулардың үлесін азайту мақсатында білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу облыстық 4 басқарма бойынша құрылымдық мекемелерімен қоса мемлекеттік сатып алулардың  облыстық деңгейде өткізіліп жатқандығын, барлық ведомстволар үшін әр бағыт бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алу жоспарлары жасақталғандығын және сол арқылы әр басқарманың бытыраңқы лоттары жалпы конкурстық жиынға біріктірілгендігіне тоқталып, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырудағы ұсынылып отырған тәсілдеме тауарларды төмендетілген бағалар бойынша делдалдарсыз сатып алу арқылы бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және бюджеттік ұйымдарды оларға тән емес функциялардан босатуға мүмкіндік  беріп отырғандығын айтып өтті.

Аталмыш мәселені талқылау барысында, комиссия төрағасының орынбасары Ф.Бахтиозин  бюджет қаражатын үнемдеу үшін, жергілікті тауар өндірушілерге жағдай жасап, олардың  мемлекеттік сатып алуға қатысуын қамтамасыз ету керек деген пікірін айтса,  комиссия мүшесі А. Мерғалиев  жергілікті тауар өндірушілердің үнемі қолдауды  қажет ететіндігіне қатысты өз ойымен бөлісті.

Өз кезегінде  комиссия мүшесі А.Рубцов ең бастысы, өзге елде шығарған өнімді емес, өз елімізде шығатын өнімді сатып алсақ, одан түскен  қаражат   өзімізде қалады деген  ұсынысын жеткізді.

Осы мәселеге қатысты облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева  облыс көлеміндегі тауар өндірушілердің тізімін  жасақтап, сол арқылы тауарға қаншалықты  тапсырыс беретін мекемелермен бірлесіп, жергілікті тауар өндірушілердің  заң талаптарын сақтай отырып, конкурсқа толыққанды  қатысуын  қамтамасыз ету керек деген   пікірін ортаға салды.

Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдарға  тез бұзылатын тауарларды жеткізудің проблема болып отырғандығы, сол себепті де жергілікті  ауылшаруашылығы өнімдерін шығаратын өндірушілердің сатып алу конкурсына қатыса бермейтіндігі де сөз болды.

Ф.Бахтиозин   отырысты қорытындылай келе,  көтерілген мәселелерге қатысты ұсыныстар    хаттама  түрінде  рәсімделінетінін   жеткізді.

рисунок

рисунок