Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы

Бүгін  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен  залында облыстық мәслихаттың  қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия отырысын комисссия төрағасы М. Мұқаев  жүргізді. Күн тәртібінде «Флюграфилық  көлік сатып алу, медициналық комиссия дәрігерлерінің жалақысын көтеру туралы»   мәселелер  қаралды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г. Абдрахманова «БҚО әкімдігінің  аппараты» ММ-нің «Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойынша  басқару қызметі КММ   мекемесінің  әскер қатарына  шақырылғандарды флюграфиялық тексерістен өткізу үшін қажет жергілікті бюджет есебінен  арнайы жабдықталған флюграфиялық көлік алу жөніндегі бюджеттік  өтінім туралы айтып өтті.

Батыс Қазақстан  облысының қорғаныс істері  жөніндегі  департамент бастығының орынбасары Ә.Бекмұқанов  әскерге қатарына шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізетін  дәрігерлік комиссия  мүшелерінің жалақысын көтеру туралы және  рентген мен узи аппараттарын сатып алу  үшін жергілікті бюджеттен  қосымша қаражат  бөлудің қажеттігіне  тоқталды.

Комиссия отырысы кезінде, осы мәселелерге қатысты  облыстық  экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасының басшысы Т. Каюпов  бұл мақсатқа  әскерге шақырылғандар  тұрғылықты жерлерден дәрігерлік тексеруден, оның ішінде флюграфиядан өтетіндіктен, облыстық әскери комиссияға арнайы жабдықталған флюграфиялық көлікті сатып алудың қажеттігі жоқ екендігін жеткізді.

Отырысты қорытындылаған М.Мұқаев  комиссияда көтерілген  мәселені  бюджет талқылау кезінде алдымен салалық комиссияда қарап талқылауын, одан кейін алынған шешімді   бюджеттік комиссияда қарау туралы ұсыныс жасады.

рисунок

рисунок