Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы болып өтті

Бүгін облыстық мәслихаттың кіші залында облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасы М.Мұқаевтың төрағалық етуімен комиссия отырысы болып өтті. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, облыстық мәслихат депутаттары Ф.Бахтиозин, А.Бисенов, Д.Е.Галиметденова, С.Ескендіров, М.О.Жакібаев, А.С.Мергалиев, Н.Х.Сергалиев, С.Ө.Сүндетова, Ш.С.Утебалиева, Е.Хасанов, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Мұхамбетқалиев Қ.Қ., БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Хамидуллин Б.Ж. қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Су Кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау туралы мәселе қаралды.

Талқылау барысында басқарма басшысының міндетін атқарушы Қайрат Мұхамбетқалиев Су Кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстыра келе алдағы уақытта баламасыз ауыз сумен жабдықтаудың көздерінен пайдаланғаны үшін төлем тарифін жергілікті атқарушы орган бекітетіне тоқталды.

Облыстық мәслихат депутаттары Д.Галиметденова, Ф.Бахтиозин, М.Жәкібаев, А Мерғалиев есептеу әдістемесі, тұтыну нормативі мен су тарифтері бойынша өздерінің бірқатар ескертулер мен ұсыныстарын айтты.

Осы мәселе бойынша тұрақты комиссияның келесі отырысы келесі аптада өткізілетін болады.

рисунок

рисунок