Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау бойынша отырыс өтті

Ағымдағы жылдың 26 қазанында облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалық етуімен облыстық мәслихат депутаттарының, сондай-ақ білім басқармасы, құрылыс басқармасы және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшыларының қатысуымен 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау бойынша отырыс өтті.

Облыстық мәслихат депутаттары апатты және үш ауысымды мектептер салу, мектептерді күрделі жөндеу, сондай-ақ қала мен аудандарда тұрғын үй салу, сумен жабдықтау және ИКИ объектілерін салу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, талқылау барысында «Nur Otan» партиясының алдағы жоспарланған кезеңге арналған сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды орындау мәселелері қаралды.

рисунок