Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е.Калиев депутат сағатын өткізді

Бүгін Орал қалалық әкімдігінің үлкен залында  Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е.Калиев депутат сағатын өткізді. Депутаттық отырысқа облыстық мәслихаттың депутаттары А.Салиева, Г.Батпақұлова, Б.Ізмағамбет, Е.Хасанов, қалалық мәслихат депутаттары, Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкәй және қала әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде  Орал  қалалық  жер қатынастары, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің  жұмысы туралы  және Орал қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен  қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына  сараланған  тариф туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында, Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Исламбеков  бөлім жұмысының атқарып отырған жұмысынан қысқаша ақпарат беріп,   әр тоқсан сайын жер кезегі бойынша тізімнің  жаңартылып отыратындығына тоқталып өтіп, депутаттар қойған сұрақтарға жауап берді.

Осы орайда, облыстық мәслихаттың депутаты А.Салиева коммерциялық бағыттағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында берілетін  жер телімдері туралы мәселе көтерді.

Орал қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің  жұмысы туралы  баяндаған бөлім басшысының міндетін атқарушы Б.Түстікбай, жалпы қала бойынша жоспарлау мен қайта жоспарлау  бойынша   бөлімнің атқарып жатқан жұмысынан мәлімет беріп өтті. Осы орайда, қаладағы құрылысы аяқталмай тұралап  қалған  құрылыс  нысандарының жағдайы туралы депутаттар сауалдарын қойды. Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкәй бұл мәселеге қатысты құрылысы  аяқталмаған 9 нысанды қалпына келтіру үшін,  қазіргі таңда инвесторларды тарту   жұмыстарының жүріп  жатқандығын жеткізді.  Депутаттар сондай-ақ  қала шетіне қарай орналасқан  әсіресе «Ескі әуежай ауданында  салынып жатқан  үйлердің қаланың сәулет архитектурасының бұзылуына әкеліп соқтырып жатқандығын айтып, наразылығын білдірді.

Сонымен қатар,  депутаттық сағаттағы қызу талқыға түскен  мәселе-  бұл қаладағы жолаушылар тасымалы, тариф бағасының көтерілуі болды.

Осы орайда, қалалық ардагерлер  Кеңесінің төрағасы  М. Әнесов   алдағы қазан айынан бастап, жол ақысының өсуіне байланысты, зейнеткерлер үшін 50 пайызын ғана (70теңге) төлеу мүмкіндігін қарастыруға ұсыныс білдірсе, облыстық мәслихаттың депутаты Г. Батпақұлова  жаңадан іске қосылып жатқан автокөліктердің, мүмкіндігі шектеулі  азаматтар үшін қаншалықты қолжетімділігі  туралы  мәселе көтерді.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың депутаты  Б.Ізмағамбет  қаладағы  22 автобус маршрутына қатысты өз сауалын қойып, бұл аталмыш қоғамдық көліктің жүру кестесі бойынша арақашықтығы өте ұзақ болғандықтан, адамдардың  көп жиналып, көлікке кептеліп қалатындығы, соның салдарынан санитарлық нормалардың сақталмайтындығы жөнінде ашық көзқарасын білдірді.

Бұл мәселе жөнінде  өз уәжін айтқан  Батыс Қазақстан автобус паркі ЖШС құрылтайшысы М.Абдрахманов,  қалада  6 тасымалдаушылар бар екендігін, қазіргі таңда жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін жағдай жасалып, онлайн билет беру, тағы да жаңадан қосымша  көліктер алу жоспарланып жатқандығын баяндап өтті.

Депутаттар  отырысты қорытындылай келе,  көтерілген мәселелерге қатысты  аталмыш маршруттар бойынша   атқарушы органдармен бірлесе отырып, қоғамдық көліктерге тексеру жүргізу жөнінде  келісімге келді.

рисунок

рисунок

рисунок