Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Орал қалалық мәслихатының депутаттары «Депутат сағатын» өткізді.

Ағымдағы жылдың  15 сәуір күні Орал   қалалық әкімдігінің  үлкен залында, Орал  қалалық  мәслихатының депутаттары   «Депутат сағатын»  өткізді.  Отырысты  Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е. Калиев жүргізді.   Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы  Б. Қонысбаева қатысты.

Күн тәртібінде,   қала  жолдарын  жөндеу, аулаларды абаттандыру және  жеке секторларды тазалауға қатысты  мәселелер қаралды. Депутаттар да өз округтеріндегі тұрғындардың  өтініштерін жеткізе отырып,  сын көтермейтін қала жолдары туралы, балалардың ойын алаңдарының жоқтығын, көшелерді жарықтандыру және мәселелерін көтеріп,   ТКШ мамандарына сұрақтарын қойды.   Орал қалалық  тұрғын-үй коммуналдық  шаруашылығы  бөлімінің  мамандары депутаттар қойған сұрақтарға жауап беріп, кейбір сұрақтарды қатерге ала отырып,   нақтылайтындықтарын   жеткізді.

Осы орайда, облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева да   тұрғындар берген өтінімдердің ашық әрі айқын көрініп, әрбір тұрғынға қолжетімді болуы үшін интерективтік карта жасаудың қажеттігін айта келе,  тұрғын үй қатынастарын реттеу туралы,  сондай-ақ,    қазіргі кезде өзге өңірлерде  қолға алынып жатқан МИҰ (ОСИ) туралы да өз ұсынысын жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок