Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаева онлайн режімінде азаматтарды қабылдады

Бүгін Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық  қабылдауында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева онлайн режімінде   азаматтарды  қабылдады.

Қабылдау барысында,  тұрғын үй мәселесімен хабарласқан  жалғыз басты ана,   көп жылдан бері  пәтер типтес  жатақханада  тұратынын, қолында  мүгедек атасы мен мүгедек  12 жасар  қызын бағып отырғандығын,   3 қабаттан  мүгедек жандарды  төменге түсіру қиндық туғызатынын айтып,  тұрғын үйін кеңейту мақсатында төменгі қабатқа немесе жер үйге  ауыстыруға  көмек сұраған  өтінішін жеткізді.  Жалғызбасты анаға   заңға сәйкес    кеңес берілді.

Сондай ақ,  қабылдау кезінде  көпбалалы ана хабарласып,  өз бизнесін ашқысы келетінін,  дегенмен   бизнеске арналған курсының тек  25 маусымда аяқталып  сертификат алатынын,  сол себепті   жылына бір рет қана  өтетін  әлеуметтік жобалар конкурсына   қатыса алмайтындығын айтып, өз өтінішін жеткізді.

Қабылдау  барысында сондай-ақ, тұрғындар тарапынан  материалдық көмек және  абаттандыру мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.

Б. Қонысбаева  тұрғындардың өтініштерін тыңдай келе, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме  консультативтік-құқықтық кеңес берді.

рисунок