Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаева іс-сапармен Бөрлі ауданында болды

Ағымдағы жылдың 28 мамыры күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаева Бөрлі ауданында іс-сапарда болып,  аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі М.Сатқанов, Бөрлі ауданының мәслихат хатшысы Қ.Ермекбаев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  депутаты А.А.Агаев және  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында, Б.Қонысбаева облыс көлеміндегі   кейбір  өзекті мәселелермен бөлісіп, алдағы уақытта кезек күттірмейтін күрделі  мәселелерді бірлесіп шешуге белсене ат салысып, жұмысты бір бағытта жұмылдыра жасауға шақырды.

Сонымен қатар, Б.Қонысбаева ауданның  тыныс-тіршілігімен танысып,  бірқатар салынып жатқан нысандарды аралады.

Сондай-ақ, Б.Қонысбаева іс сапар барысында   аудан әкімшілігінің  ғимаратында,  азаматтарға қабылдау жүргізді.

Қабылдауға келген 2 топтағы мүгедек қызды тәрбиелеп отырған, жалғызбасты ана А. Косжанова тұрғын үйін жөндеуге көмек сұраса, Облавка ауылының тұрғыны И.Юрьев  жеке шаруа қожалығын ашу үшін, жерді жалға алу мәселесін көтерді.

Қабылдау барысында, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаева қабылдауға келген азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көтерген мәселе алдағы уақытта аудандық мәслихаттың бақылауында болатындығын жеткізді.

рисунок