Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты И.Габдуллин мал азығының дайындық барысымен танысып қайтты

Қазіргі таңда алыс -жақын жерлердегі ауылдағы шаруалар үшін мал азығын дайындау науқаны қызу жүріп жатыр. Қыстың қамын ерте ойлаған ағайындар шаруаларын ертерек қамдап,  ауа райының ашық-жарқын кезінде  шабындықтардағы шөптерін жинап, мал азықтарын дайындап қарбалас шақта тіршілік етуде.  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты И.Габдуллин де  шаруалардың  хал-жағдайларын білгелі шабындықта болып, мал азығының  дайындық барысымен танысып қайтты. Бөкейордасы ауданы Бөрлі елді мекенінің  тұрғындардың барлығы дерлік мал шаруашылығымен айналысады. Депутат И.Габдуллиннің айтуынша,  мал азығын дайындаудың бағыты жаман емес, шаруалардың көңіл күйлері  жақсы, ауа-райы да қолайлы болып тұрғандығын тілге тиек етіп,  қысқа дайындық қар түскенге  дейін жалғаса  беретіндігін айтып өтті.

рисунок

рисунок

рисунок