Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты Бағдат Ізмағамбет Қаратөбе ауданында іс сапарда болып, жастармен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Бағдат Ізмағамбет  Қаратөбе ауданында іс сапарда болып, аудан депутаттарымен және  Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімімен  бірлесіп,  «Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану мұражайында» жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаты Бағдат Ізмағамбет жастардың сауалдарына жауап беріп, пікір алмасты.

Шара соңында  аудан депутаттарымен бірге ұлтжанды ақын, ғалым академик Қ.Жұмалиев атындағы саябаққа ағаш отырғызды.