Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті

Бүгін    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен залында облыстық мәслихаттың үйлестіру кеңесінің  отырысы болып өтті. Кеңес  отырысын облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева  жүргізді.

Отырыс барысында Б.Қонысбаева тұрақты комиссиялардың жұмысына  сараптама жасап,  өткен жылғы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтіп,  ағымдағы жылдың жұмыс жоспарын бекіту және оған өз ұсыныстарын беру, мәслихат депутаттарының жұмысын белсендіру,  депутаттарды оқыту,  әлеуметтік желіде атқарылып жатқан жұмыстарды жариялау, тікелей эфирге шығу, азаматтарды қоғамдық  қабылдау, әлеуметтік маңызы мәселелер бойынша ҚР Парламентіне, Министрліктерге  ұсыныстар енгізу, атқарылған жұмыстар бойынша  тиісті мемлекеттік органдардың  есептерін тыңдау, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау және т.б мәселелер  туралы айтып өтті.

Сонымен қатар депутаттар  кеңес отырысында  ішкі  ұйымдастыру  жұмыстары  туралы мәселелерді қарады.

 

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок