Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева аудандық мәслихат хатшыларымен кеңес өткізді

Бүгін облыстық мәслихаттың баспасөз  орталығында  облыстық мәслихаттың хатшысы  Б.Қонысбаева  аудандық мәслихат хатшыларымен ZOOM  форматында  кеңес  өткізді.

Күн тәртібінде  «Нормативтік  құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ғылыми сараптамадан өткізу мәселелері»    қаралды.

Кеңесте  «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жалпы ұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі  төрағасының орынбасары

М. Семғалиев  мәслихат хатшыларына  өткен жылдан бастап қолданысқа енген НҚА-ға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың  қорытындысы туралы  қысқаша айтып өтіп,  БҚО-сы бойынша қабылданған НҚА-ге жүргізілген  сараптама нәтижесіне келгенде, кейбір ескертулерге   тоқталды.

Сондай-ақ, М.Семғалиев  өз сөзінде, НҚА –ді ғылыми сараптамаға жолдаған кезде,  шешімді қабылдаған кезде қолданатын тиісті Заңдардың толық әрі нақты көрсетілуі міндетті екендігін атап өтті.

Кеңесте  аудандық мәслихат  хатшылары  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ғылыми сараптамаға қатысты сұрақтарын қойып,   ұсыныстарымен  бөлісті.

рисунок