Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева аудандық мәслихат хатшыларымен кеңес өткізді

Бүгін облыстық мәслихаттың баспасөз  орталығында  облыстық мәслихаттың хатшысы  Б.Қонысбаева  аудандық мәслихат хатшыларымен ZOOM  форматында  кеңес  өткізді. Кеңеске  аудандық мәслихат хатшылары, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңына және Мәслихаттардың үлгілік Регламентіне  өзгерістер енгізу, мемлекеттік қызметшілердің жалақысының көтерілуіне байланысты ұйымдастыру шаралары,  қосымша   штат беру туралы» т.б.  мәселелер қаралды.

Кеңес барысында Б.Қонысбаева  аудандық мәслихат хатшыларына  осы аптаның аяғына дейін  штат кестелерін жасақтап,  Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен келісуге жіберу керектігін,  сонымен қатар, қолданыстағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  өзгерістер енгізу  үшін, ұсыныстарды жинақтау қажеттігін айтып өтті.

Сондай ақ,  Кеңесте депутаттардың өз өкілеттіктерін  жүзеге асыру кезіндегі (іс сапар, көлікпен қамтамасыз ету, т.б) шығындарының  нормативтерін бекіту,  жергілікті өзін-өзі басқару, 4 деңгейдегі бюджет, жергілікті қауымдастық мәселелері талқыланды.

Кеңесті қорытындылаған Б.Қонысбаева  мәслихат хатшыларынан талқыланған мәселелер туралы өз ұсыныстарын жинақтап, ҚР Ұлттық экономикасына жіберу үшін,  облыстық мәслихатқа жіберу керек екендігін жеткізді.

рисунок