Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты С. Жарылғапов Бөкейордасы, Казталов аудандарында болып, шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті.

Ағымдағы жылдың маусым айының   бірінші онкүндігінде  облыстық мәслихаттың  депутаты, Қазақстан фермерлер қауымдастығы БҚО  филиалы төрағасы С. Жарылғапов  үш күндік іс сапармен, Бөкейордасы, Казталов  аудандарында болып, шаруа қожалықтарының  өкілдерімен кездесті.

Казталов ауданы, Ақпәтер  және Қараоба  ауылында Казталов-Жәнібек шаруа қожалықтарымен болған кездесуде шаруалар  су, жер,суармалы жерлерді игеру,  несие алу, киіктерді реттеу, инвестициялық субсидия мәселелерін, шекарада отырған елді мекендерді сақтап қалу үшін шаруа қожалығын ашқысы келетін жастарға қолдау көрсету, сондай-ақ,  соңғы кезде белең алған мал арасындағы көз ауруы туралы мәселелерді  көтерді.

Қазіргі таңда  400 ірі бас малды іріктеп алып, Мәңгір деген елді мекенде  көз ауруына қарсы ем жасауда екендігі айтылды.

Бөкейордасы Бисен аулында болған бас қосуда  шаруалар  жер, су мәселелерінен басқа мал азығын дайындауға жеңілдетілген бағамен дизель отынын бөлу, өрт қауіпсіздігін   қамтамасыз ету туралы  өз өтініштерін жеткізді.

Сондай-ақ, Темір Масин   ауылдық  округінде болған кездесуде  мал азығын екпелі шөптер арқылы дайындау, оның ішінде житняк дақылымен бірге күзде  қара бидай егілсе, көктемде  арпа, судан шөбі, эспарцет-донник көп жылдық шөптер егіп мол өнім алуды жоспарлап, бие сауып,қымыз дайындап асыл тұқымды  герефорд  тұқымды ірі қара  малын,  мұғалжар

жылқысы мен еділбай қойларын өсіріп отырғандығы әңгімеге арқау  болды.

Кездесу соңында  облыстық  мәслихат депутаты С. Жарылғапов шаруа қожалықтарымен кездесуде айтылған ұсыныстардың негізінде әр қарай жұмыстанатындығын  жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок