Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың депутаты С. Жарылғапов Ақжайық, Жаңақала аудандарының шаруа қожалықтары басшыларымен кездесті

Өткен аптаның соңында  облыстық мәслихаттың депутаты С. Жарылғапов  Облыстық  ауыл шаруашылығы  басқармасында   Ақжайық, Жаңақала  аудандарының  шаруа қожалықтары басшыларымен кездесіп,  мал азығына қаражат несие алумен қатар, суармалы  жүйеге  арналған техника сатып алу  туралы   ұсыныстарын талқылады.  Қатысушылар бұл мәселені көп  кешіктірмей, маусым айының аяғына  дейін  қаржыландыру  керек деген  ортақ пікірге келді.

Сондай-ақ сол күні  С. Жарылғапов  шаруа қожалықтары өкілдерімен  бірге,   Орал сауда  өндірістік компаниясының басшысы В. Крыловпен кездесіп,    су тартуға  құбыр алу  жөнінде   келісім туралы  ойларын талқыға  салды.

Кез келген мәселені шешудің жолы  қаржыға келіп тірелетіндіктен, қаржыландыру мәселесін тезірек  шешудің жолдарын қарастыру туралы  ұсыныстарымен бөлісті.

рисунок

рисунок