Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың депутаты Л. Тұрсынова М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университеттің студенттерімен кездесті

Батыс Қазақстан  облысының   аймағы   экологиялық  жайлы аймақ болып саналады.   Дейтұрғанмен,  бұл салада  да  өзекті мәселелер жетерлік. Осы тақырыпта  облыстық мәслихаттың депутаты  Л. Тұрсынова   М. Өтемісов атындағы   мемлекеттік университеттің студенттерімен болған кездесуде  өз пікірімен бөлісті.

Кездесуге сондай-ақ,   ҚР  экология және табиғи ресурстар  министрлігінің  БҚО бойынша  департаментінің  өкілдері, ғалымдар мен студенттер қатысып,  өңіріміздегі қалыптасып отырған экологиялық жағдай туралы, судың  жетіспеушілігі, балық  қоры, су  қоймаларының  жағдайы туралы    ой бөлісіп,  ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кету керек,  экология мәселесін  депутаттар күн тәртібінен  түсірмей әрқашан назарда ұстап келеді. Бұған дейін де  экологияға қатысты мәселелер депутаттық сағаттарда  бірнеше рет талқыланды.

рисунок

рисунок